23.07.2024, 11:30
Оқылды: 122

Бөрліде дін мамандарымен жиын өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының Діни ахуалды талдау және мониторинг департаменті мамандары жұмыс сапарымен Бөрлі ауданына келді.

B5317880-FC0A-49EB-8560-C6879EEDC80C

Іс-сапардың негізгі мақсаты – өңірдің дін саласындағы мәселелерін зерделеу және жергілікті жауапты құрылымдарға діни ахуалды талдау жұмыстары бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Соңғы кездерде еліміздегі діни ахуал тұрақты емес екені белгілі. Сондықтан да жауапты мамандарман аудандық мәдениет үйінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға ішкі саясат, білім беру, полиция бөлімдерінің мамандары, АТТ белсенді мүшелері, жастар ресурстық орталығы мамандары, ақсақалдар кеңесі мен аналар кеңесінің өкілдері, мектеп ұстаздары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шараға қатысушылар аудандағы діни ахуал туралы өз ойларын ортаға салды. Мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.

Әбіл Мансұр

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале