24.07.2024, 23:26
Оқылды: 108

Жымпиты сағаты бірлікке үндейді

Бүгін Жымпитыдағы Қазақстан көшесінің бойына қоладан соғылған алып сағат орнатылды.
InShot_20240724_230609399
Тамаша мүсінді тапсырыспен жасатып, туған ауылдарына сыйға тартқан Қ. Мырзалиев атындағы мектептің 2004 жылғы түлектері.
Туынды “DARYN” жеке кәсіпкерлігінің шеберханасында дайындалған. Авторы - Жарас Сүндетов.
InShot_20240724_230628845
Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты:
- “Ер туған жеріне…” - дейді дана қазақ. Осы бірауыз сөз әр азаматты ауылына қарайласуға, жұртының жоғын іздеуге шақырады. Бүгін Қадыр мектебінен 20 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектер туған ауылдарына тамаша сый алып келді. Тұғырдағы сағатқа қарап талай адамның таңдай қағары анық! Осы игі дәстүр жалғаса берсін! - деді Жұмагелді Жолдыбайұлы.
Жымпиты ауылының 1986 - 1987 жылы туған азаматтары наурыз айындағы су тасқыны кезінде де ерлікке татитын еңбек көрсетті. Ермек Какимов, Нұрхан Аминов, Әділбек Байралиев, Бекжан Бисенғалиев, Сержан Сыйхов, Фархат Тастаев, Асхат Нұрмұханов, Сайлан Жұбанов, Тарас Сарсенов бүгін ел алдында Сырым ауданы әкімінің алғыс хатына ие болды.
“Жиырмажылдықтар” атынан белгілі кәсіпкер, Қ. Мырзалиев мектебінің 2004 түлегі Мұратбек Мұхамбедиев сөз сөйледі.
Тарих. Болашақ. Екі кеңістікті сағат байланыстырады. Уақыт - байлық! Сағат символикасына оны да сыйғызуға болады. Жымпитының жаңа көркі - тұғырға қонған алып сағаттың 4 циферблаты бар. Ол елге жан - жаққа тартуды емес, төртеуді түгел болуға шақырады.
Әлем астаналарында бас сағат ілу әуелден бар дәстүр. Мәскеу Кремль сағатына соққанын тыңдаса, Лондон Биг - Бенге қарап бой түзейді. Дүниежүзіндегі ең үлкен әрі биік сағат Мекке қаласында орналасқан. Ал, Қ. Мырзалиев мектебінің 2004 жылғы түлектері уақыт таразысын жүректерінің астанасы - Жымпитыға әкеліп орнатты.
InShot_20240724_230755209
Жаңа сағаттың басында Равиль Жарылғасов пен Юля Исмагулова Қадыр ақынның жырларын оқыды.
Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы,

zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале