25.07.2024, 9:15
Оқылды: 141

Париж–2024: қазақстандық спортшылардың алғашқы жарыс күніндегі кестесі

Бүгін, 25 шілде күні, Қазақстан құрамасының спортшылары Олимпиада медаліне таласты бастайды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

79234590-AA94-430B-B1C2-7ED6972A1C55

Сурет: Olympic.kz

Париждегі жазғы Олимпиадада Қазақстаннан алғаш болып садақ атушылар сынға түседі. 

Аталған спорт түрінде ел намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко қорғайды. 

Бүгін жекелей сын өтеді. Спортшыларды рейтингілік раунд күтіп тұр. Жарыс нәтижесі бойынша олимпиадалық сетка анықталады. Ал плей-офф кезеңі 30 шілде күні 1/32 финалдан басталады. 

Садақшылар жарысты Астана уақытымен 17.15-те бастайды. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале