Бүгін Жәнібек ауданы орталығындағы «Әлем» базарында Ақоба, Борсы ауылдық округтерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде 380 келі сиыр еті (1 келісі – 2200 теңге), бау-бақша, сүт өнімдері қаймақ (1 литрі – 4 000 теңге), май (1 келісі – 6 000 теңге), құрт (келісі 2000 теңге) сатылды.
Сонымен қатар Күйгенкөл ауылдық округінің жеке кәсіпкері Мирболат Танкешев өзі егіп, өсірген қиярды 1 келісі 200 теңгеден аудан жұртшылығына сатып, барлығы 350 келі өнімді саудалады.
Аудан жұртшылығы жергілікті кәсіпкерге қолдау білдіріп, алдағы аптада өтетін жәрмеңкені асыға күтетіндерін жеткізді.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы