Air Astana компаниясы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Сурет: pixabay.com
Желідегі тараған видео кадрларына сүйенсек, онда жолаушы белгісіз себептермен рейске кіре алмағанын және алкоголь мен есірткіге қатысты медициналық тексеруден өтуге дайын екенін айтады.
Air Astana әуекомпаниясы 26 шілде күні КС969 рейсінің жолаушысын «Алматы-Шымкент» бағыты бойынша тасымалдаудан бас тартқанын растады.
Себебі, оның масаң күйі мен жүріс-тұрысы бортсеріктерді алаңдатқанын жеткізді.
«Мұндай жағдайда ұшаққа отыру жолаушының денсаулығына қауіп төндіріп, өзге де жолаушыларға ыңғайсыздық тұдыруы мүмкін еді. Аталған факті бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қажетті актілерді ресімдеу үшін шақырылды. Кейіннен сараптама қортындысы қандағы алкогольдің барын растады», - деп хабарлады Air Astana әуекомпаниясынан.