29.07.2024, 14:30
Оқылды: 118

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

DEA49C58-855D-4763-9A5A-3C4BC58381CC

Сурет: Ақорда

Алмасадам Сәтқалиев:

• еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы дамуы жөнінде есеп берді;

• осы уақыт аралығында 44,7 миллион тонна мұнай өндірілген. Мұнай өнімдерінің өндірісі 6,78 миллион тоннаны құраған. Сондай-ақ 30,1 миллиард текше метр газ өндіріліп, электр қуатын өндіру көлемі 60,4 миллиард кВт/сағатқа жеткені туралы айтты;

• ведомствоның тұтынушыларды электр қуатымен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары жөнінде мәлімет берді;

• жаңартылатын энергия көздерін дамыту шаралары туралы баяндады. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындық бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале