29.07.2024, 15:31
Оқылды: 105

Олжас Бектенов: «Әкімдердің жұмысын тұрғындардың тұрмысын жақсартудың нақты индикаторлары бойынша бағалайтын боламыз»

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру арқылы елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде кеңес өткізді. «Отбасының цифрлық картасын» одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды, сондай-ақ «Әлеуметтік әмиян», «Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру» жобалары көрсетілді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

57A58F11-A647-4FD1-8945-A423A1A86F14

Суреттер: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет басшысы тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту критерийі бойынша әкімдердің нақты жұмысына KPI енгізуді тапсырды.

Ол үшін «Отбасының цифрлық картасы» платформасы негізінде шұғыл және дағдарыс деңгейінен қанағаттанарлық және бақуатты деңгейге дейінгі бес санат бойынша барлық қазақстандық отбасының әл-ауқатына тұрақты мониторинг пен талдау жүргізілетін болады. Отбасылардың қанағаттанарлықсыз санаттан жақсаруға көшу динамикасына және керісінше көрсеткішке байланысты жергілікті атқарушы органдардың жұмысы бағаланады. Бүгінгі таңда Отбасының цифрлық картасының қазіргі нәтижелерін БҰҰ мен жетекші халықаралық институттар оң бағалады. 

Әкімдерге бұл құралды орта және ұзақ мерзімді шараларды жоспарлап, іске асыру үшін қажетті негізгі нұсқаулық ретінде пайдалану тапсырылды. Мұқтаж отбасылардың өмірде қиын жағдайға тап болу қаупінің алдын алу мақсатында, сондай-ақ кедейлікті, жұмыссыздықты, халықтың жасырын жұмыспен қамтылуын азайту үшін оларды белсенді түрде анықтау қажет. Үкімет басшысы өңір әкімдеріне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп әр отбасымен жеке жұмыс жүргізуді әрі «дағдарыс» және «шұғыл» санаттардағы отбасыларды жыл соңына дейін 31,2 мың отбасына дейін қысқартуды қамтамасыз етуді тапсырды.

ECE83FA0-DF0A-448B-A77A-9D69714BED0D

«Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеті – еліміздегі өмір сапасын жақсарту. Тетік бар, мемлекеттік қолдау шаралары жұмыс істейді, мемлекет қажетті қаражатты бөледі. Біз әкімдердің адамдардың әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесін нақты бағалау критерийіне көшеміз. Индикаторлардың орындалу мониторингі тұрақты болады. Біз онлайн режимінде динамиканы көріп, қорытынды жасаймыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

• Айта кету керек, республикалық бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік міндеттемелерді толық іске асыруға, өңірлерді дамытуға бағытталған. Осыған байланысты кеңесте азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларының уақытылы көрсетілуін әрі ашықтығын қамтамасыз ететін «Әлеуметтік әмиян» жобасы қаралды. Бүгінгі таңда Әлеуметтік әмиян арқылы тұрғындарға пилоттық режимде мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтану, дәрі-дәрмек ұсынылады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатып алуға, мүгедектігі бар адамдар үшін оңалтудың техникалық құралдарын сатып алуға атаулы көмек көрсету жөніндегі пилоттық жобаны, сондай-ақ ЖЖМ мен тауарлы газға бағаның өсуін өтеу мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған ваучерлерді іске қосу қосымша пысықталуда.

4F8DFFD5-6059-454C-8C92-DDE13ECD6D5B

Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға әлеуметтік әмиянға және Цифрлық картаға түсетін деректердің өз саласы мен бағыты бойынша дәлдігі мен дұрыстығын қамтамасыз етуді тапсырды. «Әлеуметтік әмиян» жобасын  кеңейту, заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу мәселелерін пысықтау тапсырылды. Бұдан басқа, қаражатты мақсатты есептеуді, оның ішінде электронды ақша мен цифрлы теңге платформаларын пайдалана отырып пысықтау қажеттігі атап өтілді.

560FDB8D-EA5C-4840-B6C5-A369EFAEB564

Сондай-ақ білім беру қызметтерін көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру» жобасы таныстырылды. «Ақша баланың соңынан жүреді» тұжырымдамасы мемлекеттік тапсырыс қаражаты ата-аналардың таңдауынан кейін ғана мектепке дейінгі ұйымдарға аударылатынын білдіреді. Бұл балабақшалар арасында бала үшін бәсекелестікті арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Оқу-ағарту министрлігіне Тараз және Шымкент қалаларында ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жобаны аяқтау және оны 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап бүкіл ел бойынша таратуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале