Биылғы су тасқыны кезеңі еліміздің 12 өңірін әбігерге салды. 11 мыңнан астам тұрғын үй су астында қалды, автожолдардың 150 учаскесін су шайып, 11 көпір қирады. Құтқарушылар 120 мыңнан астам адамды, оның ішінде 45 мың баланы эвакуациялады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тұрғындарды эвакуациялау үшін понтон көпірлері, әуе авиациясы және арнайы техника пайдаланылды.
Су тасқынына қарсы күреске 63 мыңнан астам адам қатысты, 7 мыңнан астам техника, оның ішінде 418 жүзу құралы мен азаматтық қорғау қызметінің 38 әуе кемесі тартылды.