29.07.2024, 18:45
Оқылды: 25

Жаңақала ауданына қарасты төрт елді мекенде медициналық пункт ашылды

Бүгін Жаңақала ауданына қарасты төрт елді мекенде медициналық пункттың ашылу салтанаты өтті.

жп жанакала мед (10)

Алды 1959 жылы, арты 1985 жылы қабырғалары қаланған медициналық нысандар әбден тозығы жетіп, жергілікті жұрттың басты мәселесіне айналған болатын. Бүгінде ауыл халқы игі бастамаға дән риза. Қонақжайлылық қасиеті қандарына сіңгені соншалық, қонақтарды зор ілтипатпен қарсы алды. Жуалыой, Сарыкөл, Үшкемпір ауылдарындағы құрылысты «Жол» ЖШС жүргізіп, компьютер сыйға тартса, Мұқыр елді мекеніндегі медициналық пунктке жауапты мердігер «Жиенбай» ЖШС.

Жоба құны Жуалыойда – 38 044 839,71 мың теңге, Сарыкөлде -–41 312 931,95 мың теңге, Мұқырда – 38 233 274,25 мың теңге, ал Үшкемпірде  – 38 037 856,23 мың теңге болды.

жп жанакала мед (6)

Шараның ашылуында сөз алған аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы:

- «Адам денсаулығы – қоғам байлығы». Аталмыш нысанға профилактикалық ем алуға ғана келіңіздер! - деп, елді мекен тұрғындарын құттықтады.

жп жанакала мед (8)

Сонымен бірге мердігер «Жол» ЖШС-ның директоры Нұрсұлтан Егізбайұлына алғысхат табыс етті.  Ауыл қариялары да орайлы сәтте рахмет айтып, баталарын берді.

жп жанакала мед (4)

Шара соңында жиылған қауым жаңа ғимаратты тамашалады.

Жалпы Жуалыой ауылында – 361, Сарыкөлде – 309, Мұқырда – 397, Үшкемпірде  ауылында – 79 адам тұрады.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

жп жанакала мед (1) жп жанакала мед (2) жп жанакала мед (3) жп жанакала мед (5) жп жанакала мед (7) жп жанакала мед (9) жп жанакала мед (11)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале