30.07.2024, 17:45
Оқылды: 245

Шыңғырлауда жол жөндеу жұмысы қарқынды

Автокөлік қазіргі таңда негізгі қатынас көлігі болғандықтан тасжолдардың жағдайының жақсы болуы маңызды. Қала, аудан, ауылдардың арасында, жалпы барлық дерлік қатынас жолдарында асфальт төселген. Жоқ жерлерде төселіп жатыр. Бірақ жеңіл көліктермен қатар ауыр көліктер де жүріп өтетіндіктен тасжол да тозады.

Жол ЖП Шыңғырлау

Сондықтан да оларды күтіп ұстау, жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізіп отыру – жауапты органдардың басты міндеттерінің бірі. Осындай мақсатта Шыңғырлау ауданына қарасты Ақсай-Шыңғырлау облыстық маңызы бар қатынас жолын орташа жөндеу басталды.

Жол ЖП

Жөндеу жұмысы аталмыш жолдың алты шақырымына жүргізілетін болады.

Сондай-ақ Шыңғырлау ауданы көшелерінде асфальттардағы шұңқырларды жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлығы 15 тонна ыстық асфальт әкелінді.

E5DAA0F0-9CB7-4CFD-BBDD-849477371DDE

Көлік жолдарының ойық жерлерін қалпына келтіру жұмысын аудан әкімдігінің бақылауымен «Шыңғырлау Комтехсервис» іске асырып жатыр.

Әсел Әлім

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале