31.07.2024, 11:45
Оқылды: 84

Қазақстандық оқушылар IChO–2024 химия олимпиадасында екі алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды

Сауд Арабиясында IChO-2024 химиядан 56-ші халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Біздің барлық оқушыларымыз жүлделі орындарды иеленді, оның екеуі – ең жоғарғы марапат, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «Дарын» РҒПО-на сілтеме жасап.

BE4ED8CA-BB75-4DDB-A85A-2C796672B98D

Сурет: министрліктен

International Chemistry Olympiad дүниежүзілік ең беделді ТОП-7 олимпиаданың қатарына кіреді. Біздің құрамамыз үшінші жыл қатарынан жоғары нәтиже көрсетіп келеді, биылғы жылы жас химиктеріміз қос алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленіп, 100% нәтиже көрсетті.

Қазақстан құрама командасының жетекшілері: Азамат Жақсылықов және Санжар Бегдайыр – республикалық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.

Айта кету керек, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен құрама команда мүшелері бірнеше республикалық және халықаралық оқу-жаттықтыру жиындарына қатысып, 2024 жылғы Еуропалық және Дүниежүзілік олимпиадаларда 100% нәтижелер көрсете білді.

Қоса кетсек, Халықаралық ірі олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларға еліміздің жоғары оқу орындарына конкурстан тыс грантпен оқуға түсуге мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ ақшалай сыйақы төленеді. Алтын медаль үшін 1500 АЕК, күміс медаль үшін 1000 АЕК, қола медаль үшін 500 АЕК төленеді және оқушыларды дайындаған тәлімгерлеріне де марапат қарастырылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале