31.07.2024, 10:45
Оқылды: 140

Марафоншы Сәрсенбай Қотырашев саяхатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнап жалғастырып жатыр

74 жастағы марафоншы Сәрсенбай Қотырашев әлемге саяхатын жалғастырып жатыр. Бұл жолы ол Өскеменнен Алтай арқылы Моңғолияға аттанады, деп хабарлады 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияның баспасөз қызметі.

59DCBA95-03AF-46C9-B97C-7BF38063DB18

Сурет jjtv.kz сайтынан алынды

Бұл сапарын марафоншы Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайды.

Сәрсенбай Қотырашев – тәжірибелі марафоншы ғана емес, жастың жетістікке жетуге кедергі емес екенін дәлелдеген тұлға.

Оның саяхаты тек спорттық қана емес, мәдени сипатты, соның ішінде көшпенді халықтардың мәдени мұрасын сақтау және насихаттаудың маңыздылығын көрсетуді көздейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале