31.07.2024, 12:00
Оқылды: 22

Бәйтеректе асық атудан ашық турнир өтті

Переметный ауылында асық ату және бес асықтан аудандық ашық турнир өтті. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттау мақсатында болған жарыста Көшім, Щапов, Егіндібұлақ, Зеленый, Бейбітшілік, Макаров, Байқоныс, Достық ауылдық округтерінің асықшылары сынға түсті. Сонымен қатар Ақжайық ауданының командасы да арнайы келді.

C1A49645-BCE6-4E0B-B1AF-6821FF2F48D0

Сайыстың ашылу салтанатында сөз алған Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары Мәулет Мұхтаров аудан орталығына келген спортшыларға, қонақтарға «қош келдіңіздер» деп айтып, ұлттық ойындарды дамыту бағытында мемлекет тарапынан, соның ішінде ауданымызда қолға алынып жатқан іс-шаралар туралы айтып, командаларға сәттілік тіледі.

0C9BA0F2-7F46-4247-BFD6-57311B8864D9

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте балалар мен қыздар арасында егіндібұлақтықтар үздік болса, ересектерде Ақжайық ауданы командасы жеңісті қанжығаларына байлады. Ақжайық ойыншысы Асылбек Уәли «Сұр мерген» аталымын иеленді.

391685D8-23ED-456A-BBB9-B49D6B935466

Айта кетейік, ауданымыздағы біраз ауылда мектеп жанында асық ойындарының үйірмесі бар. Сондай үйірменің пайдасы мол екенін егіндібұлақтықтар дәлелдеді. Осынау жарыста жақсы ойын өрнегін көрсетіп, командасының жеңімпаз атануына үлесін қосқан егіндібұлақтық Ұлан Мараттың айтуынша, олар бұл турнирге көп дайындалған.

91841CDC-A56E-4856-96AA-BDA04999EB2E

Сол төккен терлері ақталды. Енді олар облыстық сайыстарда аудан намысын қорғауға дайын. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар, сыйлықтар табысталды.

Салтанат Зұлқарнаева

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале