31.07.2024, 12:30
Оқылды: 176

Сәкен Бибосынов: «Келесі жекпе-жекте жеңіске жету үшін барымды саламын»

Боксшы Сәкен Бибосынов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. Ол 51 келі салмақта турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

7F5EFE14-90AB-42B3-9F53-6BCDD8589ADB

Фотоға түсірген Тұрар Қазанғапов / Olympic.kz

«Қарсылас өте мықты. Кездесу де қиын болды. Үшінші раундта аздаған қателіктер жібердім. Бапкерім де бірден соны айтты. Енді ол қателікті қайталамауға тырысамын.

Тактикаға келер болсақ, ара-қашықтықты сақтап, соққы тигізіп, кері қайтуды ойластырдық.  Үшінші раундта аздап бөгеліп қалдым. Осы кемшілікпен жұмыс істейміз», - деді Бибосынов.

Бүгін Бибосынов Еуропа чемпионы, түркиялық Самет Гүмушті ұтты.  Ширек финалда ол өзбекстандық Хасанбай Досматовпен жұдырықтасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале