31.07.2024, 14:45
Оқылды: 45

ҚР ТЖМ: «Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыс жыл бойы жүргізіледі»

ТЖМ өкілі ОКҚ алаңында шомылу маусымының өтуі туралы баяндады. Қазақстанның барлық құтқарушылары шомылу кезеңінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоғары дайындыққа келтірілді. Үлкен үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды, осы мақсаттарға тартылған құтқару бөлімшелері қосымша қажетті құралдармен жабдықталды.

12C5E015-3B79-4C40-851B-8E4FD8186348

Сурет: ОКҚ алаңы

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыс жыл бойы жүргізіледі», - деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.

Сонымен қатар судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері Үкіметтің және мемлекеттік органдармен өткізілген отырыстарында қаралды. Жиналыс нәтижесінде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды.

Әрбір тапсырма Төтенше жағдайлар министрінің жеке бақылауында.

Еске салайық, елімізде шомылу кезеңі 1 маусымда басталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале