31.07.2024, 16:00
Оқылды: 311

БҚО-да іздеудегі 21 жасар жігіттің сүйегі табылды

БҚО-да іздеудегі 21 жасар жігіттің сүйегі табылды. Оны пышақтап өлтіріп, ауладағы сарайдың ішіне көміп тастаған. Қылмысты жасады деген күдікпен 2003 жылы туған жігіттің танысы қамауға алынды. Бұл туралы БҚО ПД-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

BC92DEFB-82F4-4ABE-8BDF-E66732A149E3

– БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 29 шілде күні 2003 жылы туған жігіттің денесін тапты. Оның іздеудегі азамат екені анықталды. Осы фактіге қатысты 2003 жылы туған азаматты өлтірді деген күдікпен Бәйтерек ауданының тұрғыны қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, - деп хабарлады БҚО ПД-ның баспасөз қызметі.

B6C7E5D8-DE32-4050-BD87-C7C25F3E7A5B

Естеріңізге сала кетейік, бұл іздеудегі азамат БҚО, Орал қаласының тұрғыны – Жеткерген Жамбулов. Оны із-түссіз кетті деп полицияның іздеп жатқанына бір ай болды.

Өкінішке орай араға ай уақыт салып жігіттің тек өлі денесі ғана табылып отыр.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале