31.07.2024, 17:21
Оқылды: 117

Жасылелдіктер қатысқан шара

Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап «Жасыл ел» еңбек жасағы өз жұмысын бастады. 2005 жылдан жүзеге асып келе жатқан жалпыұлттық жоба жастарға ерте еңбекке араласып қана қоймай, өз еңбегімен табыс табуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Аталмыш бағдарлама барысында еңбек жасағы туған өлкелерін көгалдандыру, абаттандыру бағыты бойынша еңбек етуде. Сонымен қатар, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін де іс шаралар да өткізіліп отырады.

452754947_1699876724157459_4687876074946781022_n

Осы мақсатпен жуырда Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.

Тартысты өткен жарыста «Жасыл ел» House командасы І орынды иеленсе, «ASAU» командасы ІІ орынды қанжығаларына байлады. Ал, ІІІ орын «Жасыл ел» командасына бұйырды.

Сонымен қатар, ойын барысында көзге түскен Мерует Кужиева «Үздік байланыстырушы», Гүлсезім Амандық «Үздік ойыншы», Тілеген Китарбаев «Үздік қорғаушы», Арлан Құдайберген «Үздік шабуылшы» аталымдарына ие болды. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар атынан арнайы дипломдар табыс етілді.

Нұрлыбек Қайыржанов,

Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале