1.08.2024, 13:00
Оқылды: 27

Бөрлі ауданына қарасты Ақсу ауылының 23 тұрғыны баспаналы болды

Бөрлі ауданының Ақсу ауылындағы бірқатар үйді көктемде арнасынан асқан Шыңғырлау өзенінің суы басқан болатын.

WhatsApp Image 2024-08-01 at 10.52.04

Сол шақта ауыл тұрғындары тек қажетті ғана заттарын алып, қарғын су басқан баспаналарынан асығыс кетуге мәжбүр болды. Біраз уақыт жергілікті мектеп ғимаратында орналасқан эвакуациялық пунктті паналады.

Судың беті қайтқан соң ауданда арнайы комиссия құрылып, зерделеу қорытындысы бойынша су басқан 44 үйдің апатты жағдайда екендігі анықталды.

WhatsApp Image 2024-08-01 at 10.51.58

Кейін аталған ауылда 23 типтік үй салу туралы шешім қабылданды, қалған тұрғындар көмек ретінде берілген баспаналарды иеленіп, қалаға қоныстануды жөн көрді.

Жарамсыз үйлердің құрылыс-монтаждау жұмысын «Наурыз» ЖШС мердігерлік компаниясы жүргізді.

Бүгін баспанасыз қалған ауыл тұрғындары облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қолынан жаңа үй кілттерін алды.

Баспана беруге «АқсайГазСервис» АҚ Президенті Тілек Шектебаев қатысты. Айта кетейік, аталған компания Ақсу және Кеңтүбек тұрғындары үшін үй салуға демеушілік танытып, 1 млрд теңге бөлген болатын.

Мария Пирог

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале