2.08.2024, 19:30
Оқылды: 4

Казталовта баспана құрылысы қарқынды

Бұл туралы Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

IMG-20240802-WA0165

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов Болашақ ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі округтегі жылыту маусымына дайындық, мал азығын дайындау жұмыстары, тұрғын үй құрылысымен және ауыз су станциясының жұмысымен танысты.

IMG-20240802-WA0169

Қазіргі таңда Болашақ ауылдық округінде ілкімді істер атқарылуда. Жақында Болашақ ауылының 0-1 шақырым кіреберіс жолына толығымен қара жабын төселіп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар округте 6 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Бүгінгі күні округіміздің орталығы Болашақ ауылында 2, Көпкүтір елді мекенінде 3, Жаңатаң елді мекенінде 1 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Тұрғын үйлердің құрылысына, сапасына жергілікті қауымдастық арқылы бақылау жүргізіп отырмыз. Бұдан бөлек «Қаладан ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру барысында да жұмыстар атқарылып, Көпкүтір және Жаңатаң елді мекендеріне отбасыларды көшіріп әкелу жоспарлануда. Сонымен қатар мал азығын дайындау және қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын жүргізудеміз, — деді округ әкімі Артур Берденов.

IMG-20240802-WA0166

Аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы жұмыс сапары барысында тұрғындармен де кездесіп, округтегі өзекті мәселелерді талқылады. Жұмыс сапарының қорытындысына сәйкес окркг әкімі мен салалық бөлім басшыларына түйткілді мәселелерді шешу мақсатында нақты тапсырмалар берді.

IMG-20240802-WA0172

— Қазіргі уақытта ауданда да, округте де маңызды жобалар жүзеге асуда. Қазір қыстың қамын ойға алатын уақыт. Мал азығын дайындап, жылыту маусымына дайын болуымыз қажет. Сондай-ақ баспана салу жұмыстарының қарқынын әлі де арттырыңыздар, — деді аудан әкімі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале