5.08.2024, 15:00
Оқылды: 92

Шонғайдан кеткен бай туралы не білеміз?

Батыс Қазақстан облысы бойынша 1928 жылдың 27 тамызындағы Үкімет қаулысымен тәркілеуге жатқызылған байлардың бірі – Жантай Жүсіпов   болатын.

жп дала

Архивтік құжатта оның жеке ісі туралы жазба былайша толтырылған:    

«Жүсіпов Жантай – жасы көрсетілмеген. Шонғай ауылы, Орда ауданы, Орал округі. Тәркілеу тізімінде бар. Сауатты. Қазан мұғалімдер семинариясын бітірген. Патша тұсында Торғын болысының билеушісі болды. Отырықшы мал шаруашылығымен айналысқан.

120 жылқы, 30 түйе, 100 ірі қара, 300 қой. Бай тұқымы санатында дауыс беру құқынан айырылған. Ордадағы жиындарда жер және мүлікті қорғап қарсылық көрсеткен аса қауіпті адам» делінген.

Осылайша Жантай Жүсіповтің мал-мүлкі тәркіленіп, отбасымен тұрған жерінен жер аударылады.

Зұлқожа Шарафутдинов

zhaikpress. kz                                                                                                    

«Байлар қалай тәркіленді», Орал – 2024 ж

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале