"Париж Олимпиадасында екілік каноэден 500 метрге жарысудан әйелдер арасындағы іріктеу сыны аяқталды", - деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.
Фото: Владислав Семенов
Бұл спорт түрінен Қазақстан атынан Мария Бровкова мен Руфина Искакова сынға түсті.
Спортшылар өз тобында бесінші орын алып, ширек финалға жолдама алды.
Айта кетелік, алғашқы екі орынды иеленген экипаж бірден жартылай финалға жолдама алады.