6.08.2024, 15:46
Оқылды: 170

БҚО-да облыс тұрғындарын 100 млн. астам теңгеге алдаған күдікті қолға түсті

"Орал қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 42 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол өзін құрылыс саласының маманы, пәтерлердің иесі немесе делдал ретінде таныстырып, пәтерлерді сатып, ресімдеумен айналыса отырып, облыс тұрғындарының ақшалай қаражатын иемденген", - деп хабарлайды БҚО полиция департаменті.

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)

Мәселен, Жаңақала ауданының тұрғыны 2022 жылы оған 30 миллион теңге қаражатын аударса, Орал қаласының тұрғыны 2020 жылы үйді ресімдеу үшін 27,5 миллион теңге ақшасын берген. Облыс тұрғындарына келтірілген залал сомасы 100 миллион теңгеден асады.

Алаяқтық фактісі негізінде 7 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті тұрғындарға қырағы болуды және бейтаныс және тексерілмеген адамдарға сенбеуді сұрайды. Танымайтын және тексерілмеген адамдарға үлкен соманы бермеңіз.

Сондай-ақ, телефон алаяқтарымен сөйлескен кезде қырағылық танытып, мұқият болуларыңызды сұраймыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале