Бүгін “Атамекен” өнер ордасында «Алтын көпір» халықаралық фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақстан әлеуметтік және экономикалық, мәдени және идеологиялық байланыстардың торабында, еуразиялық құрлықтың ірі мемлекеттік құрылымдары арасында алып мекенді алып жатыр.
Бұл 2019 жылдан бастау алған аталмыш достық фестивалін қазақ жерінде өткізу игі дәстүрге айналды. Шараның басты мақсаты қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту және ұлттық-мәдени тұрғыдан жан жақты дамуына, салт-дәстүрімізді танып білуіне қолдау көрсету.
Айта кетсек, ағымдағы жылы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы құрылғанына 32 жыл. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы 1992 жылы алғаш рет Алматы қаласында өткен. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.