6.08.2024, 19:00
Оқылды: 108

Сырым ауданына депутаттар келді

Бүгін Сырым ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Арман Өтеғұлов, Ләззат Рысбекова және ҚР Мәжілісінің депутаты, белгілі адвокат Абзал Құспан келді.
E1326E2D-12B4-4238-B283-625DA33D6E23
Олар Өлеңті ауылында болып, Сырым ауданындағы тасқыннан зардап шеккендерге арнап салынып жатқан үйлердің құрылысын көрді. Нысанды Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов таныстырды.
Әкімнің орынбасары Қайрат Төлеповтың айтуынша, атқарылған жұмыстар көлемі 90%-ға таяды. Кешегі аптада Қарасу мөлтекауданында 14 үйдің кілті иелеріне салтанатты түрде тапсырылды.
DA6012A6-369D-419A-A66F-E660092DBCD2
Өлеңті ауылындағы жаңа орыннан ірге көтеріп жатқан үйлердің де ішіне жан толатын күн жақын. Қазір ішкі әрлеу-әктеу, газ бен су тарту, дуалын тұрғызу сияқты жұмыстар жүріп жатыр.
Бұдан бөлек Бұлдырты, Өлеңті және Жымпитыда жекелеген көшелерден де «қызыл үйлер» бой көтеруде.
Парламент өкілдері құрылыс жұмыстарының сапасы мен қарқынына оң баға берді.
Бауыржан Ширмединұлы 
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале