6.08.2024, 19:15
Оқылды: 12

Жаңақалада «Жетістік жолы» атауымен кездесу кеші өтті

Бүгін Жаңақаладағы Дина Нұрпейісова атындағы аудандық музейде Қ.Жантілеуов атындағы аудандық балалар музыка мектебі домбыра сыныбының жоғары санатты оқытушысы Гүлбар Шуақбаевамен «Жетістік жолы» атты кездесу кеші өтті.

BAD3CA68-39B1-46A5-B5F8-473EC0A59919

Оған оқытушының бір топ әріптестері мен аудандық кітапхана ұжымы қатысып, ақ тілектерін арнады.

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастырған кезекті шарасында өнер иесі балалық шақтан даналық, даралық шаққа дейін жеткен жетістіктерін баяндады.

Сондай-ақ күні бүгінде студент атанған шәкірттері ұстаздарына деген жүрекжарды бейнесәлемдемелерін жолдады. Гүлбар Тұрланқызы тек домбыра шертіп қана қоймай, өзге де аспаптардың құлағында ойнайды.

CB32BF57-8FA9-4E76-A841-67C7FDA9AA62

Рухани кеш барысында күй алыбы Дина Нұрпейісованың ізін жалғаушы жерлесі  оқушыларымен бірнеше күй орындап, қошеметке бөленді.

Ұйымдастыру алқасы ізгі лебіздерін білдіріп, естелік сыйлық табыстаған соң шара қорытындыланды.

Айзада Ақбасова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале