7.08.2024, 11:45
Оқылды: 15

Биыл БҚО-да 1 сыныпқа қанша бала барады?

Бірінші сыныпқа өтініш қабылдау биыл 1 сәуірде басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған мәліметтерге сүйенсек, 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа 12 483 оқушы қабылданады деп күтілуде. 

казталов мектеп (8)

Сурет сайт архивінен / zhaikpress.kz

Оның 8 697-сі мемлекеттік тілде білім алуға ниет білдірсе, 3 786-сы орыс сыныбын таңдаған. Бүгінгі күнге дейін ұл-қызын 1 сыныпқа қабылдау туралы ата-аналардан 10 311 өтініш түссе, олардың 7655-і (74,2%) қазақ тілінде және 2656-сы (25,8%) орыс тілінде білім алатын болады.

Өтініштер www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және білім беру ұйымдары арқылы қабылдануда. Білім ұясына бүлдіршіндер ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде тіркелуде.

Сонымен қатар жеке басын растайтын құжаты, «Профилактикалық екпелер картасы» №065/у нысанды және «Бала денсаулығының паспорты» №052-2/у нысанды медициналық анықтамалары, баланың 3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосуретi ұсынылады.

Ал 10 сыныпқа құжат қабылдау www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және мектеп кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Құжаттар 31 тамызға дейін қабылданады.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале