7.08.2024, 15:30
Оқылды: 64

Қазақстандықтар марафон айында 900-ға жуық игі іс жасады

Қазақстанда игі істер марафоны жалғасуда. Бұл қайырымдылық мәдениеті мен волонтерлікті дамытуға бағытталған дәстүрлі жалпыұлттық жоба. Жоба ережелері бойынша игі істі әлеуметтік желілерде жариялап, www.qazvolunteer.kz. сайтында тіркеуден өту қажет.  Бүгінгі таңда 826 игі істі тіркелді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

D7BBE906-54AB-4038-A4FD-83754BAA3971

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада волотерлер 2 тоннадан астам қоқыс пен пластик жинады. Қостанай облысында «Жақсылық жаса» акциясы аясында көпбалалы отбасыларға қажетті заттар жеткізілді. Сонымен қатар аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету үшін «Мектепке жол» акциясы басталды.

C26AE042-C5EB-4642-8FA2-609BE0B2CEBE

Жалпы жобаға 10 мыңға жуық қазақстандық қатысты.

Марафон 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Одан кейін қатысушыларды 10 номинация бойынша, оның ішінде «Ең мейірімді аймақ», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді оқу орны», «Ең жақсы ауыл» сияқты арнайы номинациялар бойынша, сондай-ақ марафонды жариялауға белсенді қатысқан БАҚ өкілдері үшін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

51B0532A-C652-413F-BB48-8FEEBC79ECD8

Жоба туралы толық ақпаратты www.qazvolunteer.kz. сайтынан алуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале