Жаңақала ауданындағы Соркөл жағалауында сенбілік жүргізілді.
Аталған сенбілікке аудан орталығындағы 10-ға жуық мекеме, «Жасыл ел» сарбаздары, аудан белсенділері және ауылдық округтың жастары атсалысты.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
Аталған шарада 100-ге жуық тұрғын тазалық жұмыстарын жүргізді. Белсенді болған қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар табыс етілді.
Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы