7.08.2024, 17:15
Оқылды: 132

Өлеңті өзенінің жағдайы қалай?

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов, орынбасары Қайрат Төлепов Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев және кезінде ауылшаруашылық саласында еңбек еткен бірқатар азаматтармен, мәслихат депутаттарымен бірге Өлеңті өзенінің аңғарын аралады.

DD5E680D-BBBF-4E11-B6A1-18900CBE03CD

Еске сала кетелік, биыл наурыз айында Өлеңті өзені шекті деңгейден асты. Іргесіндегі көшелерді алған су ауылдың ішіне құйылды. Мойындау керек, көктемдегі мұз жару жұмыстары өзінің нәтижесін берген жоқ.

Жұмагелді Батырниязов қариялармен және шаруашылық иелерімен жүздесіп, Кеңес кезінде тасқынның алдын алу тәжірибелерін, бүгінгі күні қалыптасқан мәселелерді сұрады. Қамыстыкөлге дейінгі иіндер, Қожасайға су шығаратын сайлар, Қоспаның ауызы, Қособадағы су қақпасына дейінгі жайылмалар мен арналар – бәрі-бәрі кеңейтіп, тазалауды қажет етіп тұр.

D8C2D6A6-F4E6-43F7-9D51-9838A3FBB8DA

Қамыстыкөлдегі қалың ну қамыстың өзі табиғат соққан бөгетке айналған.

Қазіргі таңда Сырым ауданы әкімдігі Өлеңті өзенінің аңғарын кеңейту, жағалай бөгесін тұрғызу мәселелері бойынша жұмыстануды бастады.

Бауыржан Шерім

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале