7.08.2024, 23:34
Оқылды: 140

Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

"Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды", - деп хабарлайды Olympic.kz.

1723046868

Фото: Тұрар Қазанғапов Olympic.kz.

77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Демеу финалда жапондық Нао Куссакиге есе жіберді.

Араға жиырма жыл салып, грек-рим күресінен Олимпиаданың финалында белдескен Демеу Жадыраев отандық спорт тарихына есімін алтын әріптермен жазды.

Бұған дейін қазақ балуандары Олимпиаданың финалынан үнемі сырт қалатын.

Демеу Жадыраевты алтынға пара-пар күміс жүлдесімен құттықтаймыз!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале