8.08.2024, 11:15
Оқылды: 22

Қаратөбеге Сенат депутаттары келді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Арман Өтеғұлов, Ләззат Рысбекова, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданына қарасты Қоржын ауылында болды.

4C4DC3DF-3FCC-4C78-9E7E-120DF367DC27

Сапар барысында Қоржын ауылында салынып жатқан 90 үйдің құрылысымен танысты.

Халық қалаулылары көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арнап салынып жатқан үйлердің сапалы болуына баса мән берілуі қажеттігіне тоқталып, құрылыс нысандарын аралады.

Құрылыс жұмыстарымен танысқан депутаттар, мердігер компания басшыларымен жүздесіп, үйлердің барлық талаптарға сай салынуын атап өтті.

3E49729D-1B1B-4C66-99C0-34071234CB94

Қазіргі таңда үйлердің қабырғасы қаланып, шатыры жабылған, ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

– Тасқын судан зардап шеккен Қоржын ауылы халқына салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен таныстық. Мердігер компанияларда жергілікті және көршілес ауылдардан келіп құрылысшылар жұмыстануда. Жұмыс сапасы жақсы. Құрылыс қарқынды жүрсе тамыз айының аяғында тапсырады деген сенімдеміз. Мемлекет басшысының айтқан тапсырмалары орындалып жатыр деп есептеймін, - деді Сенат депутаты Арман Өтеғұлов.

Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, облыстық құрылыс басқармасының орынбасары Нұркен Молдашев сапар барысында халық қалаулыларымен бірге жүрді.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале