8.08.2024, 14:45
Оқылды: 16

Жаңақалада «Жүрек үні» атауымен ән кеші өтті

Жаңақала аудандық мәдениет үйінде әнші, сүйемелдеуші, мәдени іс-шаралардың тұрақты жүргізушісі Мерей Жұмашевтың «Жүрек үні» атауымен ән кеші өтті.

A023DD17-A5D6-48AB-B2D3-9A8F5261B330

Ән әлемінде қалықтаған аудан әншілерінің қаңтар айынан бастау алған шығармашылық шарасы өз жалғасын тауып, жаңақалалықтардың жүрегінен жол тапты. Өнер саласына 2013 жылдан бастап қадам басқан қоңыр дауысты Мерей Жанболатұлы «Атамекен» әнімен көпке кеңінен танылып, өңір мәдениетінің алтын қорына қосқан үлесі зор.

Көременге толы ән саяхатында кеш иесі сонымен қатар ұстазы Сәкен Захаров, Махамбет Нұрахметұлы, Меңдігүл Иманәлиева, Сырғалым Ерғалиева, Айбек Тұрарбеков, Рауан Мақсотов, Сиғватолла Ешкаев, Сәтжан Баязиев секілді өнердегі достарымен танымал әндерді бірге шырқап, талғамы биік көрерменнің көңіл төрінен орын алды.

543001C7-E5AD-4BCE-8AF7-FC840820FA24

Сондай-ақ анасына ерекше құрмет көрсетіп, гүл шоғын табыс етті. Әуезді шараны бимен көркемдеген жас хореограф Әлия Мұхамеджанова жетекшілік ететін – «Салтанат» би ұжымы.

Кеш соңында мәдени-демалыс орталығының басшысы Мұхит Батырханұлы әріптесіне ізгі тілегін жолдап, құттықтау хат табыс етті.

Айзада Ақбасова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале