«Мейірімділік мекені» – ұлттық жастар онкүндігінің бесінші күні өтті.
Барлық өңірлерде волонтерлік пен қайырымдылық мәдениетіне баулу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды. Олар негізінен жалғызбасты зейнеткерлерге, көп балалы аз қамтылған отбасыларға, жетімдерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Мейірімділік жасау күнінде үйсіз қалған жануарлар да ұмыт қалған жоқ. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттер: министрліктен
Мысалы, жастар ресурстық орталықтары «Мектепке жол» акциясы аясында мұқтаж отбасылардың балаларына оқу құралдарын сатып алып, оларға алдағы оқу жылына дайындауға көмектесті.
Жалғызбасты қарт адамдардың үй жинап, оларға азық-түлік сатып алды. Жер үйде тұратындар үшін қысқа отын дайындалып, шатыры жөнделді.
Сондай-ақ жастар қайырымдылық жәрмеңкелері мен спорттық турнирлер ұйымдастырды.
Мейірімділік күнінде алты мың жас қазақстандықтар игі іс жасады.