8.08.2024, 18:50
Оқылды: 355

Қазіргі бессайыс: Георгий Борода-Дудочкин семсерлесуде 10 жеңіске қол жеткізді

Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан бәсеке басталды. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі жазды.

21711902-e9cf-4a53-be16-bc4696b04253

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Ұлттық құрама спортшысы Георгий Борода-Дудочкин алғашқы кезең семсерлесуде 10 жеңіске жетіп (25 рет жеңіліп), 175 ұпай жинады. Қазір ол 35-орында тұр.

Ертең қазақстандық спортшы жартылай финалды А тобында көш басындағы мысырлық қарсыласымен бірге бастайды.

Енді спортшылар ертең 200 метрге еркін әдіспен жүзуде кім мықтыны анықтайды. Үшінші жарыс - конкур. Шешуші жарыста атлеттер жүгіру кезінде лазерлі тапаншамен нысана көздейді.

Айта кетейік, қазір әйелдер арасында Елена Потапенко семсерлесуден классификацияны бастады. Спорттың бұл түрінде барлығы 72 спортшы (36 еркек, 36 әйел) жүлдеге таласып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале