8.08.2024, 20:00
Оқылды: 34

Бөкей ордасында төрт нысан пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы  Қ.Тоқаев «Еліміздің  басты капиталы - адам. Дені сау ұлт - мықты мемлекеттің берік тұғыры, негізі» деп  әр жолдауында денсаулық саласына арнай тоқталып, медициналық қызмет сапасын арттыруда қадау-қадау игі істерді іске асыруға қомақты қаржы еш кедергісіз бөлінетінін айтып келеді. Соның бір жарқын үлгісі бүгін ауданымызда болды.

IMG-20240808-WA0055
Бөкейордасы ауданына қарасты төрт бірдей  ауылдық округте, атап айтқанда, Сайқын ауылдық округіне қарасты Шоңай елді мекенінде, Мұратсай ауылдық округіне қарасты Әжен елді мекенінде, Бисен ауылдық округіне қарасты Жетібай мен Көктеректе  күрделі жөндеуден өткен медициналық пункт пайдалануға берілді.

IMG-20240808-WA0057

Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық аурухана басшысы Анарбек Белисанов арнайы барып, тұрғындар қуанышымен бөлісті.

IMG-20240808-WA0064
- Ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуда ілкімді істер қолға алынуда. Есептік кездесулерде ауыл азаматтары   ауылдағы амбулатория, медициналық пункттердің тозығы жетіп, күйі қашқанын, жедел жәрдем көліктерінің істен шығып, фельдшерлердің көліксіз қалғанын мәселе ғып көтерді. Күні кеше бір емес бірнеше округке жедел жәрдем көлігініі кілтін табыстадық. Міне, бүгін медициналық нысандардың да мәселесінің де оң шешім тапқанына куә болып тұрмыз.  Биылдың өзінде Шоңай, Әжен, Көктерек, Жетібай, Тайғара, Кеңой елді мекендеріндегі  медициналық пунктті күрделі жөндеу қолға алынды. Дәл бүгін төрт нысан пайдалануға берілді. Қалған екі нысанның жөндеу жұмысын жыл аяғына дейін аяқтаймыз деген жоспар бар. Осындай жарқын істеріміз жалғасты болсын, - деді аудан әкімі Нұрлыбек Жасқайратұлы.

IMG-20240808-WA0051
Сонымен қатар аудан басшысы сапалы қызмет көрсеткен мердігер компанияларға да алғысын білдірді. Таратып айтсақ,  Жетібай, Шоңай ауылындағы медициналық пункт ғимараттарын «Жол» ЖШС, Әжен ауылындағы медициналық пунктті «Символ» ЖШС, Көктерек ауылындағы медициналық пункт ғимаратын «Беккалиев С.Р.» ЖК күрделі жөндеуден өткізді.  Ғимарат қана жаңарып, жаңғыртылған жоқ, медициналық пункттер заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

IMG-20240808-WA0052
Науша Шоманова, Қадырбай Айтасов және Бисен Ижанов сияқты аға-апаларымыз ауыл тұрғындары атынан жергілікті билік пен құрылысқа жауапты азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале