Париж Олимпиадасында көркем гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталып, финалға шыққан спортшылар анықталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.
Фото авторы: Сали Сабиров
Аталған спорт түрінен Қазақстан намысын Эльжана Таниева қорғаған болатын. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 13-орын иеленіп, финалдан сырт қалды.
Ол төрт жаттығу қорытындысы бойынша 126.600 ұпай жинады.
Айта кетелік, Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан тек көпсайыс нәтижесі бойынша ғана жеңімпаздар анықталады. Іріктеуге қатысқан 24 гимнастың ішінен тек 10 спортшы ғана ақтық сынға жолдама алады.