Бүгін – Кеңес Одағының батыры, әскери ұшқыш-шабуылдаушы, сержант Нұркен Әбдіровтің туған күні.
Сурет: wikipedia
Орынбордың әуе училищесін тәмамдаған Нұркен Әбдіров 1942 жылы 9 қазанда 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкі құрамына кіреді. 23 қазанда алғаш рет жауынгерлік тапсырмамен ұшады.
Барлығы 17 әуе шайқасына қатысқан Әбдіров жаудың 18 танкісін, 28 жүк көлігін, оның ішінде оқ-дәрі тасыған 18 көлікті, жанармай құйған 3 цистернаны, үш зеңбіректі талқандады.
Ерлігі үшін Нұркен Әбдіровке 1943 жылдың 31 наурызында «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
Бүгінде Қарағанды қаласында, сондай-ақ туған ауылында батырға ескерткіш орнатылған. Нұркен Әбдіров туралы Г. Якимов жазған «Мәңгілік өмір шыңына» атты деректі повесть бойынша «Қазақтелефильм» студиясы фильм түсірді.
Дереккөз: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі