9.08.2024, 10:45
Оқылды: 88

Қазақстанда төрт ұшқыш пен үш әуекомпания жауапқа тартылды

Көлік министрлігі Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізген тексерулер нәтижесінде шағын авиацияға жататын 3 әуекомпания мен 4 ұшқышты әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

BEAF803D-FE56-421F-A2AE-58BDCAE31464

Сурет: pixabay.com

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Көлік Министрінің тапсырмасына сәйкес Ан-2 ұшақтарын тексеруге қатысты жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларын жоспардан тыс тексеріп жатыр.

Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысына сәйкес әуе кемелерін пайдалану кезінде азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мынадай талаптарын бұзу анықталған:

  • командир әуе кемеде ұшқыштың қолданыстағы куәлігінсіз ұшуды жүзеге асырды (4 факт тіркелді) және әуе қозғалысына қызмет көрсету органына хабарламаған;
  • ұшу құжаттамасының болмауы;
  • әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету құжатын орталыққа жібермеген фактілер тіркелді.

Жоспардан тыс тексерулер жүргізу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Тамызда 6 пайдаланушыны тексеру жоспарланған.

Сондай-ақ, шілдеде 10 әуекомпанияны іріктеп тексеру жүргізілген.

«Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізген тексерулердің нәтижесінде шағын авиацияға жататын 3 әуе компаниясы мен 4 ұшқышқа ҚР Азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін 11 айыппұл салды».

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале