9.08.2024, 16:15
Оқылды: 36

Қаратөбеде сессияда маңызды мәселелер қаралды

Қаратөбе аудандық мәслихат залында VIІІ шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті ХVІ сессиясы өтті.

7EEC3F16-1686-4BE4-B441-244CE1E2EE93

Сессия жұмысына аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев қатысып, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Меңдешов төрағалық етті. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Бағдат Зайнуллин 2023 жылы округінде атқарған жұмыстары туралы баяндап берді.

Одан соң Қоскөл ауылдық округінің әкімі Әділет Мұсағалиев Қоскөл округі бойынша былтырғы жылы атқарған жұмыстары туралы баяндап, тыңнан жүзеге асып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.

A21DD008-D313-4469-A2BB-B5B18F7FE2CC

Отырыста қаралған үшінші, төртінші мәселеге орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Кеңесов баяндады.

Сонымен қатар «Қаратөбе» спорт клубының аудандағы спортты дамытудағы атқарылған жұмыстары туралы «Қаратөбе» спорт клубының басшысы Бауыржан Шүрмен баяндап өтті.

Сессияда аудан әкімі аппаратының басшысы Дат Жәнібеков дәстүрлі әнші Серік Абдрахмановқа Қаратөбе ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы, Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы, Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы құрамын бекіту туралы хабарлама жасап, депутаттардың дауыс беруіне ұсынды.

Сессияны қорытындылаған аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев отырыста біраз мәселенің қамтылғанына тоқталып, халық қалаулыларына ризашылығын білдірді.

Серікбай Хасанов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале