Бүгін Астанада «Орталық Азия + Жапония» саммиті өтіп жатыр. Жиынға Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида қатысады деп жоспарланған. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аралында болған жер сілкінісінің магнитудасы 7,2-ге жеткен. Жапон метеорология агенттігі тағы қатты жер сілкінуі мүмкін деп ескертті.
Осыған байланысты Фумио Кишида Астанадағы іс-шараларға қатысудан бас тартуға шешім қабылдады. Бұл туралы The Japan Times басылымы мәлім етті.
Айта кетейік, зілзала кезінде елде бірнеше адам ауыр жарақат алған, сондай-ақ ғимараттарға зақым келген.
Ішкі рейстер, темір жол, көлік қатынасына шектеу қойылған. Билік апатқа қарсы күресті күшейтуге тапсырма берді.