Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып бекітілді. Осыған орай бүгін Абай Құнанбайұлының 179 жылдық мерейтойына және Абай күніне «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты Жаңақала аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен әдеби танымдық кеш өтті.
Алдымен мекеме ұжымдары Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Әрі қарай Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, журналист Закария Сисенғали сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.
Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ақмарал Аманқызы Абайдың өлеңін оқып, өмір жолымен таныстырды.
Содан соң аудандық кітапхана жүйесінің кітапханашысы Нұржанар Арманбекқызы «Абай тұтас бір әлем» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Кемеңгер Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба», «Ғылымға көңіл бөлсеңіз», «Қыс», «Он алтыншы қара сөзі» өлеңдері нақышына келтіре оқылды.
Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы