10.08.2024, 14:01
Оқылды: 169

Жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Биыл Казталов ауданында жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында бірқатар ірі жобалар жүзеге асуда. Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов «Беспішен—Қошанкөл—Қараоба» бағытындағы аудандық маңызы бар жол және Бостандық ауылының ауылішілік жолдарын қайта жаңарту жұмыстарының жүру барысын бақылады. Мердігерлерге сапаға мән беріп, жұмысты уақытында аяқтап, салалық бөлім мен округ әкімдеріне құрылыс сапасын бақылау жөнінде нақты тапсырмалар берді. 

жол

Қазіргі таңда «Беспішен—Қошанкөл—Қараоба» бағытындағы аудандық маңызы бар жолдың 15-49 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 8,7 млрд теңгені құрайтын жобаны «Uniserv» ЖШС жүзеге асыруда.

- Қазіргі уақытта 3,3 шақырым жолға асфальт төселді. 3,5 шақырымға дейінгі аралыққа қара қиыршық тас, ал 5 шақырымға дейін С4 қиыршық тасы дайын. Жолдың 6 шақырымға дейінгі аралығы тегістелді. Бүгінгі күні айналма жол салу, топырақ тегістеу, қиыршық тас негізін дайындау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деді мердігер компания өкілдері.

Ал Бостандық ауылының ауылішілік жолдарына асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр. «Жайық Сити» ЖШС жұмысын техникалық қадағалушы Қанат Альбергенов жолдың сапасы жақсы екенін атап өтті. Бүгінгі күні 1,7 шақырым тротуар толық төселіп, 1,5 шақырым көше жолдарына асфальт төселді. Алдағы уақытта  1,6 шақырым көше жолдарына асфальт салуды аяқтау, жол жиектерін түзеу, жол белгілерін орнату, жол белгілеулерін сызу жұмыстары жүргізіледі. Тамыз айының аяғына дейін белгіленген жұмыстар толығымен атқарылады.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале