12.08.2024, 10:15
Оқылды: 111

Казталовта Құрылысшылар күнінде спорттық жарыстар өтті

Казталов ауданына қарасты Тереңкөл ауылдық округі аумағындағы «Uniserv» ЖШС жол құрылыс компаниясының базасында құрылысшылар күніне арналған спорттық жарыстар өтті.

C0035DDA-4164-4C3A-B9EC-D79BDA8DAC43

Аудандық «Айбын» спорт клубының қолдауымен өткен жарыста «Uniserv» компаниясында қызмет жасайтын жолшылар сайысты.

Айта кету керек, «Uniserv» компаниясын Казталов—Жәнібек—Бөкей ордасы бағытындағы күре жол мен Казталов—Беспішен—Қошанкөл—Қараоба бағытындағы жол құрылысын жүргізіп жатыр.

173FCF33-3F92-4261-BC6A-AA60AF22A3EC

Жолшылар айтулы күні доп тебу, қол күресі, гір тасын көтеру, жерден көтерілу (отжимание), арқан тарту сынды спорт түрлерінен бақ сынады.

D13583F7-4986-4C76-A550-2D2553F28B78

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жүлделі орын алған спортшыларға компания атынан бағалы сыйлықтар табысталды. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Қайрат Жақып

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале