12.08.2024, 12:30
Оқылды: 113

Жеміс-жидектен уланудан қалай сақтанған дұрыс?

Жаз айларында қауын-қарбыз және жеміс-жидектен улану жағдайы кездесіп жатады. Одан сақтану жолы қандай? Осы орайда Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымованың кеңесіне назар аударған едік, деп жазады ҚазАқпарат.

A500267D-53E7-4AED-B386-4D36A417F861

Фото: istockphoto.com

«Қауын-қарбызды сенімді және тексерілген сатушылардан сатып алуға кеңес береміз. Оны көлік жолы бойынан сатып алудан аулақ болған дұрыс. Өйткені жидектердің бетіне газ қалдығы түсуі мүмкін. Сауда нысандарында өнімнің сапасы мен қаупсіздігін растайтын құжаттар болуы керек. Атап айтқанда, олардың қатарында сәйкестігі туралы декларация, фитосанитариялық сертификат бар», - деді Әлия Әбдіқайымова.

Сатып алғаннан кейін қауын-қарбызды тоңазытқышта, таза, жабық контейнерде, бактериялардың көбеюіне жол бермеу үшін шикі өнімдерден бөлек сақтаған абзал.

«Зиянды токсиндердің жиналуын және ықтимал улануды болдырмау үшін кесілген қауын-қарбызды бір күннен артық сақтамаңыз. Егерде сіз қауын-қарбызды кескен кезде әдеттен тыс иісті, дәмді сезіп, құрамының өзгешелігін байқасаңыз, оны жеуден бас тартқаныңыз дұрыс. Қауын-қарбызды жегеннен кейін өзіңізді жайсыз сезініп, улану белгілерін байқасаңыз дереу дәрігер көмегіне жүгініңіз. Өзін-өзі емдеуге болмайды», - деп толықтырды Ә.Әбдіқайымова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале