12.08.2024, 14:30
Оқылды: 320

Түркияда қазақ киносының көрсетілімі өтті

Стамбұлда қазақстандық «Почти Мачо» комедиясының түркиялық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған жабық көрсетілімі өтті. Фильм Түркияның 80-нен аса кинотеатрында көпшілік көрерменге ұсынылады. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

424167EE-D12F-42C4-A78F-FDDD5E5620FC

Сурет: pixabay.com

Бұған дейін қазақ киноларынан түрік тіліне тек тарихи фильмдер аударылған, ал жастарға арналған комедия жанрындағы фильм алғаш рет көрсетіліп отыр. Көрсетілімге жиналғандар фильмге жоғары баға берді. Картинада анасы аз уақытта үйлендіргісі келетін Дамир атты жас жігіттің басынан өткен қызықты оқиғалар сәтті өрілген.

– Неғұрлым басқа мәдениетті және киносын танысақ соғұрлым бір қадам алдыда жүреміз деп ойламын. Біз тек қана Түркия нарығына емес бүкіл әлемге қазақ киносын танытамыз деген жоспарымыз бар. Жақында Қазақстан Америка сопродукция фильмге дайындық жүріп жатыр. Ол жерде Голливудтың танымал актерлары және Англияның, Түркияның танымал актерлары ойнайды, - дейді фильмнің Түркиядағы продюсері Надира Ахонова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале