12.08.2024, 17:00
Оқылды: 336

Теректі ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Дархан Абдрашитов Теректі ауданы әкімінің 2023 жылғы 12 тамызындағы №142 өкімімен 2024 жылғы 12 тамыздан бастап аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

C063C757-609A-42BF-934C-AA619C38874C

Теректі ауданының басшысы Әлия Мұханбетжанова сәттілік тілеп, аудан әкімі аппаратының басшысы Мирлан Еркібаев, әкім орынбасарлары Қалаубек Теміров, Дамир Ғұмаров ортадан табылды.

Дархан Ережепұлы 1976 жылы 15 тамызда Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданына қарасты Қошанкөл ауылында өмірге келген.

Білімі – жоғары. 1997 жылы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Бухгалетрлік есеп, бақылау және ауыл шаруашылығының жұмысын талдау» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол еңбек жолын 1998 жылы Казталов аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының аға маманы қызметінен бастап, Орал механикалық зауытының, «Алтим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есепшісі, «Оралоблгаз» акционерлік қоғамының инженері, Казталов аудандық бойынша статистика бөлімінің бастығы, Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы, Казталов аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, облыс бойынша тексеру комиссиясының бюджеттерді және активтерді бақылау бөлімінің бас маманы, аталмыш комиссияның №3 бақылау бөлімінде бас маман, бөлім меңгерушісі, Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Күні бүгінге дейін облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды.

Ақтілек Әлібек

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале