12.08.2024, 18:00
Оқылды: 178

Батысқазақстандық құрылысшыларға мемлекеттік наградалар берілді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Құрылысшылар күніне орай Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградаға ие болғандарды құттықтады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

5C1AE4A9-8C29-4CC2-9F01-A58F240ABDA0

Суреттер: БҚО әкімдігі

– Құрылыс индустриясы — экономиканың негiзгi iргетасы. Экономиканың жаңа серпін алып отырған маңызды саласының өкілі – құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, небір ғимараттар мен тұрғын үйлер бой көтеруде. Елімізде салынған әрбір ғимаратта сіздердің алақандарыңыздың ізі, айрықша қолтаңбаларыңыз бар, - деді өңір басшысы.

A3A95969-A7CB-4D40-AE44-7FF3CCB41453

Облыс әкімі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдау және тұрғын үйді қалпына келтіруде құрылысшылардың еңбегі зор екенін ерекше атап өтті.

Өңір басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Анатолий Барсюк, Бижан Испандияров және Жаслан Шохаевқа ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін, ал Дауынбай Жұматов, Сапарбек Сердалин және Махамбет Шауеновке «Ерен еңбегі үшін» медальдарын табыс етті.

116756A6-1A87-4E6F-9E31-87F37D2B7125

100710EF-375F-45FF-9456-72F7DDBF9043

5712498E-A41B-4C20-8C2C-7D8A8E175343
29B72571-0922-41C0-AE70-F22603FF2386

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале