Оралда Халықаралық жастар күніне орай өткізілген «Jaiyq Jastary» фестивалі қорытындыланды.
Фото: Марзия Зеин
Жарысқа жастары 14-35-ке дейін 12 аудан мен қала жастары қатысты.
Олар өнер, спорт, білім сынды түрлі сала бойынша бақ сынады.
Биыл «Jaiyq jastary» фестивалі облыс әкімдігінің қолдауымен екінші жыл өткізілді.
Кеште өткен гала концертте фестиваль қорытындыланып, жүлдегерлер марапатталды.
Қорытынды кеште «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты да табысталды.
Өңірлік «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына 100-ге жуық өтінім түссе, үздік 10 жоба анықталған. Әр грант иесіне 1 миллион теңгеден беріледі.
«Бизнес» бағыты бойынша Азат Аманов, Бекзат Ахметкереев, «Ақпараттық технология» бағытында Дәурен Зейнуллин, «Ғылым» бойынша Жансәуле Мубаракова, «Медиа» бағыты бойынша Ескендір Сержанұлы мен Әлихан Альмуханов, Нұршат Жасқайратұлы, «Мәдениет» бағыты бойынша Айжан Зұлбұхар, Санат Омарғалиев, Елжан Миргалиев жеңімпаз атанды.
Фестиваль қорытындысына тоқталсақ, командалық есепте І орынды Орал қаласының жастары жеңіп алды. Жаңақала ауданының командасы ІІ орынға, Бәйтерек ауданының жастары ІІІ орынға ие болды.
Кеште жас жұлдыздар Еркеш Хасен мен Bytanat ән айтып, батысқазақстандық жастарға ерекше кеш сыйлады.
zhaikpress.kz