13.08.2024, 13:00
Оқылды: 86

Отандық фармацевтика өндірісінің көлемі 95 млрд теңгеге дейін өсті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық фармацевтикадағы компанияларды қолдау шаралары қаралды. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

29260EC3-F619-4C42-99F8-1E671A3B4492

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша отандық фармацевтикалық өнім өндіру көлемі 95 млрд теңгеге дейін ұлғайды, өсім 14,5%-ды құрады. Бүгінгі таңда 35 қазақстандық өндірушімен 4 мыңға жуық фармацевтикалық өнім түрін жеткізуге 94 ұзақ мерзімді шарт жасалды. Үш жыл ішінде ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде толық көлемге кезең-кезеңмен шығу жоспарланған.

«Жылдың соңына дейін өзге 24 отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттардың жасалуы арқылы 1 412 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жеткізілуі  қарастырылуда. Дәрілік заттарды сатып алу кезінде отандық өндірушілер үшін преференциялар белсенді пайдаланылады. Мәселен, осы тетікті пайдалана отырып, биылғы алты айда 29,5 млрд теңгеге 196 дәрі-дәрмек түрлері жеткізілді», — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова. 

Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ тізбесі негізінде кең таралған ауруларды емдеуге арналған басым дәрілік заттардың тізімін жасады. 283 дәрілік зат іріктеліп алынды, осы тізімдегі 107 дәрілік заттар Қазақстан аумағында өндіріледі. Еліміздің дәрілік қауіпсіздігінің тұрақты базалық деңгейін қамтамасыз ету үшін таяу болашақта қалған 178 басым дәрі-дәрмектің өндірісін жолға қою қажет, деп атап өтті министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале