13.08.2024, 17:45
Оқылды: 150

Ақжайық ауданы: Туризм орталығының жұмысы қалай жүргізіліп жатыр?

Ақжайық ауданы орталығына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, облыс кураторы Елена Тарасенко, облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Ғалым Бекқалиев, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Татьяна Рогозина келді.

AB13A169-E345-4BB3-83F8-86EA0DFE9234

Оларды аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова қарсы алып, құрмет көрсетті. Келген меймандар алдымен аудандық туризм орталығының жұмысымен танысып, сондай-ақ Жұбан орталығында және аудандық өлкетану музейінде болды.

Осыдан кейін «Өркен» коворкинг орталығында сала мамандарымен «Туризм орталығының желісін кеңейту, туристік-өлкетану және экологиялық бағыттағы балалар-жасөспірімдер ұйымдары жүйесін дамыту» тақырыбында кездесу өткізді.

Жиналғандар алдында аудандық балалар-жасөспірімдер туризм орталығы директорының орынбасары Азамат Набиденов орталықтың құрылғаннан бергі жұмыстары, жетістіктерін атап өтсе, аудандағы тарихи орындар, мазарлар жөнінде ақпаратты М.Өтемісов атындағы орта мектептің «Музей ісі» үйірмесінің жетекшісі Жәнібек  Әбілпейісов баяндады.

Сондай-ақ эколог Ерлан Құсайынов ауданның флора мен фаунасы жөнінде біраз деректерді ортаға салды.

Кездесу соңында Елена Ивановна ауданда  туризмді дамыту бағытында атқарылған жұмысқа ризашылығын білдіріп, әлі де қарқын үстеу қажеттігін қаперледі.

Аида Асылбек

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале